«Балаңызға «харам» аяқкиім кигізбеңіз» дейді тиктокер
Тикток әлеуметтік желісінде «харам» мен «халалды» ажыратып беруші блогердің бірі Илхам есімді жігіт ата-аналарға ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
Илхамның айтуынша жұртқа танымал брендтегі көп аяқкиім «харам» екен.
«Достар, аяқкиімдегі мынадай үш тесікті балаңызға алып бермеңіз. Өйткені аяқкиім терісіндегі бұл үш тесік — бұл заттың шошқа терісінен жасалғанын білдіреді» дейді.
Илхамның бұл видеосына қатысты оқырманы «қумашы, онда баламыз жалаңаяқ жүрсін 7 ғасырдағыдай», «өтірік! Шошқа терісінен жасалғанымен, аяқкиімді бала жемейді ғой», «мұндай хадис жоқ, құранда да айтылмаған» деген пікір жазуда.
Фото көрнекілік үшін.
@ilkham_blog