Баян бәйбішемен соттасып жүр
ТикТок әлеуметтік желісінде Sauleche777 атты келіншек бірнеше күннен бері Баян Алагөзоваға қатысты жұрт білмейтін ақпарат жариялауда деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Ник-тегі аты рас болса, Сәуле атты ТикТок қолданушы Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы әйелі Дана Орманбаева арасында даулы іс сотта қаралып жатқанын айтады.
«Соттан шықтым. Сот Дана Орманбаева мен Баян Алагөзова арасында болды. Қорғаушы тараптың адвокаты Баян жазған кітаптан шағым берді. Баян Алагөзова Тұрсын Алагөзовты отбасынан ажыратып, кәдімгідей жұлып алған. Өзін күйеуі өлтіріп қоя жаздағаны аздай…
Ал Баян тойдағы Тұрсын екеуінің суреттерін Тұрсын әйелінен әлі ажыраспай тұрып жариялап, манипуляция жасаған. Ол суреттерде өзін «Алагөзова» деп жариялаған. Тұрсын Алагөзов бұл суреттер жарияланғаннан соң 3 айдан кейін әйелі Данадан ресми ажырасқан. Ляйсара өз-өзіне қол салмақ болған. Баян Есентаева өз кітабында «иә, мен күйеуімнің көзіне шөп салдым. Ұятты жоғалттым. Маған ол керек» деп ашық жазады»,- дейді Сәуле.
Келесі видеосында Сәуле соттың бүгін аяқталғанын айтады. Арызданушы — Баян Алагөзова, жауапкер — Дана Орманбаева, «ар-намысқа нұқсан келтіру» бабы бойынша іс қаралған. Даудың басы Баянның инстаграмда иттің суретін жариялаудан басталыпты. Баянның бұл жазбасына Дана да үнсіз қалмаған. Ақырында мәселе осылайша сотта қаралған. Баян Алагөзова моральдық шығын үшін 2 млн.теңге өндіріп беруді сұраған.
Фото интернеттен алынды.
@sauleche777 Достойные женщины не разоряют семьи! #задану #саулеsha #заценности #задуховность #хочуврек #рекомендации