«Бекболат Тілеухан — бізден бас тартты, біразымыздан жиіркенді»
Марқұм, абыз аға Мұхтар Мағауин туралы жазба жариялаған Мұхамеджан Тазабекке журналист жауап берді деп жазады Democrat.kz.
Марқұм Мағауин туралы «өз елінде жерленбеді, қазақты жек көрді» дегенге саятын жазба жариялаған діндар Мұхамеджан Тазабекке журналист Диас Нұрақын:
«Тазабектің тілімен Бекболатқа бүй десек бола ма? «Депутат кезінде қазақты сүйген шығар. Кейін бізден бас тартты. Біразымыздан жиіркенді.
Қазақтың жыршы-термешісі емес, Біләлдің қолбаласы екенін түсінді. Ақырында бізге үш талақ айтып, қайырылмай Түркияға кетті… Себебі, ол бізден басын алып қашты, көбімізді менсінбеді, біразымыздан құсқысы келді. Шындығы сол.
Яғни, Тілеуханның тұлғасы – қазіргі көп әншілердің (Түркиядан үй алғыш)аңсаған моделі. Осындай болсам ғой деген арманының көрінісі.
Демек, көп қазақ өз ісінің майталманы болғанды қалайды, ұлттық тақырыптарда жүргенді дұрыс санайды, шетелде тұрғанды аңсайды, жат жерде жан тапсырып, сонда жерленуге де кет әрі емес…
Расында солай болса, “Ер туған жеріне” деген де мақалдың мазмұны ауыса бастады деген сөз. Бұрынғы ірі қазақтардың өлімі, жерленген жерінің өзі – мағына арқалап, үлкен миссия атқарып тұратын.
P.S. Түсінбегендер үшін. Мұхамеджан Тазабек марқұм Мұхтар Мағауинді мипаздап отырып мақтамен бауыздап тастапты. Бірақ бұл әңгімесінің бір ұшы Бекболат Тілеуханға да тиетінін түсінбеген сияқты» деп жауап жазды.
Фото көрнекілік үшін.