Биліктің қателігін мұғалімнің мойнына артуды қашан қоямыз?

0
611

Ұйқы бұзылды, ұйқы азайды… Біздің елде бәріне мұғалім кінәлі! Неге Үкімет емес, Парламент емес, Мұғалім кінәлі.

Сайлау нәтижесіне — мұғалім кінәлі

Референдум нәтижесіне-мұғалім кінәлі

Мұғалімді кінәлау – қоғамға ыңғайлы үрдіс болып қалыптасты.

Үйіндегі қыз баланың аяғы ауыр болып қалса да, мұғалім кінәлі.

Елімізде Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді үйренбегеніне де мұғалім кінәлі

Уақыт белдеуі ауысқалы оқушылар тастай қараңғыда үйге қайтатын болды. Екінші ауысымдағы балалар тым қараңғыда қайтпас үшін сағат 14:00-де басталатын сабақтар сағат 13:15-те басталатын болды. Ата-аналар наразы, оған да мұғалім кінәлі.

45 минуттық сабақтар 40 минуттыққа айналуы мүмкін. Білім саласында бағдарламаны толық қамтамасыз етуі үшін жап-жақсы енгізілген 36 апталық оқу 34 апталыққа қайтарылды, тт.

Осының бәрін кім игеріп отыр, көзді ашып қарасаңдаршы, билік тарапынан кеткен қателіктердің бәрі – мұғалімдерге артылған жүк.

Ұстаздардың айлығы да кейбіреудің көкейін тесетіндей

Ұстаздар сағат санына байланысты 200000-нан 500 000-ға дейін алады.

Салыстырмалы түрде,

Абай, Лермонтов, Әуезов, театр әртістері де 400 000-500 000-нан алады. Елімізде ең аз айлық 350 000 теңгені құрау керек. Неге екенін,

Елді мұғалімнің әмиянына үңілтіп қойды.

Бір сәтте бір 45 минуттық уақытта 30-40 баланы қадағалап, бала санын тексеріп, мінез-құлқын да қадағалай отырып, үй жұмысын бағалап, жаңа білім беріп көріңіз.

Кітапқа емес, телефон шұқыған ұрпақтың зейінін жаңа білімге шоғырландыру — ерен еңбек…. Оқушымен ғана жұмыс істемейсің, санатың өссін десең, жетістік… көрсет, авторлық бағдарлама жаз, тәжірибеңмен бөліс, ата-анамен жұмыс жаса,……

Ұстаздардың қалтасына үңілген қоғам-ай!

Ұстаздардың айлығы көп деп шу шығару кімге тиімді еді?

Ақмарал ШАТЕМІРҚЫЗЫ, мұғалім

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері

Ы. Алтынсарин төсбелгісі иегері

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.