Бір ауылдың екі баласы суицид жасады

0
132

Жамбыл облысындағы бір ауылда екі жасөспірім өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық прокуратура суицид туралы ақпаратты растады.

Қайғылы оқиға Байзақ ауданының Түймекент ауылында екі күн қатарынан болды.

Байзақ аудандық полиция бөлімі қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды», – делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарламасында.