Бір күндік образы – 259 млн 616 мың теңгелік блогер кім?

Жансая Махабаева есімді блогер танымал кәсіпкер, тележүргізуші Динара Сәтжанның бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, – деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты.
“Динара Сәтжанның мына образы қанша тұрады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей, киімнен бастайық, мына комбинезон Acne Studios брендінен, бағасы – 700 мың теңге.
Күртешесi Maison Margela брендінен, бағасы – 228 мың теңге.
Ал көзілдірігі Saint Laurent Eyewear, бағасы – 263 мың теңге.
Белдігі The Row брендінен, бағасы – 275 мың теңге.
Қолғабы Fendi брендінен, бағасы – 350 мың теңге.
Ал енді ең қызық жері – әшекейлердің бағасына көшейік.
Сағаты Bulgari брендінің Serpenti топтамасынан, толық гауһар тастармен апталған, бағасы – 70 миллион теңге.
Алқасы да осы топтамадан, бағасы – 95 миллион теңге.
Білезіктері де осы топтамадан, біріншісі – 57 миллион теңге, ал екіншісі – 21 миллион теңге.
Сақинаның бағасы – 9 миллион 500 мың теңге, екіншісі – 5 миллион 300 мың теңге.
Сонымен, барлығы – 259 миллион 616 мың теңге”, – деді блогер.
Фото интернеттен алынды.