Бірнеше елде жер сілкінді

0
139

Мьянмада тағы да жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық агенттігіне (EMSC) сілтеме жасап.

Мьянма аумағындағы жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 болды.

Сейсмикалық белсенділік 13 сәуірде дүниежүзілік үйлестірілген уақыт бойынша 02:24-те (Астана уақыты бойынша 08:24-те) тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Мьянмадағы халық саны шамамен 1,2 миллион адам болатын Мандалай қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 92 шақырым жерде орналасқан. Бұл – елдегі екінші ірі қала.

Сондай-ақ, зілзала халық саны 177 мың адам болатын Мейктила қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 8 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы әзірге мәлімет түскен жоқ.

13 сәуірде Тәжікстанда болған жер сілкінісі Қазақстан мен Өзбекстан аумағына да әсер етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәжікстанда да жер сілкінді

Қазақстан ҰЯО ГЗИ Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, Тәжікстанда магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 09:24-те тіркелген. Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 5,9 балл болған.

Қазақстандағы жер сілкінісі

ҚР ТЖМ “Сейсмологиялык зерттеу институты” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 13 сәуірде Астана уақытымен 09 сағат 23 минутта жер сілкінісін тіркеген.

“Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан”, – делінген хабарламада.

Есептік қарқындылығы (балл):

  • Мырзакент ауылы – 3 балл.
  • Жетісай – 3 балл.
  • Абай ауылы – 3 балл.
  • Сарыағаш  – 3 балл.
  • Қазығұрт ауылы – 3 балл.
  • Шардара – 3 балл.
  • Ленгір – 3 балл.
  • Сайрам ауылы – 3 балл.
  • Шымкент – 3 балл.
  • Манкент ауылы – 3 балл.
  • Ақсукент ауылы – 3 балл.
  • Тұрар Рысқұлов ауылы – 3 балл.
  • Бауыржан Момышұлы – 3 балл.
  • Арыс – 3 балл.
  • Темірлан ауылы – 3 балл.
  • Тараз – 3 балл.
  • Сарыкемер ауылы – 3 балл.
  • Аса ауылы – 3 балл.
  • Құлан ауылы – 2 балл.
  • Мерке ауылы – 2 балл.
  • Қаратау – 2 балл.
  • Шаян ауылы- 2 балл.
  • Шәуілдір ауылы – 2 балл.
  • Жанатас – 2 балл.
  • Түркістан – 2 балл.
  • Қордай ауылы – 2 балл.
  • Кентау – 2 балл.
  • Шолаққорған ауылы – 2 балл.
  • Шорнақ ауылы – 2 балл.
  • Шу – 2 балл.
  • Төле Би ауылы – 2 балл.
  • Мойынқұм ауылы – 2 балл.
  • Жаңақорған ауылы – 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Өзбекстандағы жер сілкінісі

Жерасты дүмпулері Өзбекстан аумағында да сезілген. Мұндағы жер сілкінісінің күші 2-3 балл шамасында болған.

Зілзала Ташкент және Өзбекстанның бірнеше облыстарында – Ферғана, Наманган, Сырдария, Әндіжан, Жызақ, Самарқанд және Сурхандария аймақтарында сезілген. Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында орналасқан.