Бізде күніне 9-10 адам өзіне қол салады екен

0
144

Елімізде жылына 4 мыңға жуық тұрғын өзіне қол салады. Қайғылы статистиканы Ranking порталының сарапшылары жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, 2024 жылдың басынан бері елде 2,1 мыңға жуық суицид тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға аз.

Оның ішінде жыл басынан бері 112 балалар суициді тіркелді.

«Соңғы бірнеше жылда ҚР-да суицид жалпы жоғары деңгейде қалып отыр. Жыл сайын елімізде 3,5 мыңнан 4 мыңға дейін тұрғын өз өмірімен қош айтысады. Бұл іс жүзінде күніне 9-10 адам өлімі», — делінген хабарламада.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.