Біздегі ғылым саласындағы былықтар

0
125

Қырғыздар «ғылыми дисертация қорғаудың бұрынғы қалпын сақтап қалған екен. Оның артықшылығы туралы философ Нұржан айтып келді.

Мен одан өзге де қомақты себептер бар деп санаймын:

Бірінші, біздегі «магистр» атағының статусы белгісіз. Оның қандай «ғылыми атақ» екені анықталмаған. Магистрлікке берілетін үстемақы жоққа тән…

Екінші, біздегі уақыттың қатаң регламенттелгені зерттеушіні «халтураға», не плагиатқа тікелей итермелейді. Кейде «ұжымдық диссертация» жазуға мәжбүрлейді.

Үшінші, РhD атағы бұрынғы «кандидаттық» деңгей саналатын болды. Яғни, «ғылым докторы» атағынан кем деп бағаланады. Ол ғылыми зерттеудің салмағы мен сапасына кері әсер етуде.

Төртінші, докторлық диссертацияны — проблеманы әбден пісіріп, деңгейге келтіріп жазуға мүмкіндік берсе, PhD — шала піскен әңгелек сияқты болса да өте береді — есеп беру үшін, қаржыны қайтармау үшін және жауапкерлік жоқтығынан.

Сондықтан, «философия» деген атты РhD дан алып тастау керек.

Бізде Философия батыстағыдай мектептен бастап оқытылмайды. Олай болса, өз мамандығы бойынша зерттеуінде, мамандықты игеруде зерттеуші «философиялық әдістемені» негізге алып жатқан жоқ.

Сондықтан, нақты ілімді «әлемнің тұтас картинасының», яғни, болмысты танудың бір ажырамас құрамдас бөлігі деп санайтын концепция жоқ.

Олай болса, PhD — дың да мәні төмен.

Химик, физик, филолог және т.т. өз зерттеуін философиямен байланысын өздері ұқпаған күйі «философияны» өз PhD докторы атағын өзіне қосақтап жүр. Осылай, Философиядан қадір кетті. Әркімнің ауызына жалтақтаған бала сияқты боп қалды…

Сондықтан, философияның іргелі орнын сақтауда — фундаментальді зерттеуге, полемикаға, сыни ойға бара алатын,

Философты «жеке дара тұлға» етіп көрсететін, философты «ойлау масштабына» қарай бағалайтын «ескі жүйе» әлдеқайда артық еді… Әсіресе, өзіндік «қазақ философиясының» қалыптасу кезеңінде — философты «терең ойлау» мүмкіндігінен айырған бұрынғы министірлердің шешімін мен «Интеллектуалдылыққа қарсы жасалған қылмыс» деп бағалар едім…

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.