Бізді ақпан айында қандай өзгерістер күтіп тұр?

0
790

Жылдың ең қысқа айы ақпанда қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр. Massaget.kz тілшісі маңыздыларына шолу жасады.

Коммуналды төлем қымбаттайды

Алматыда 1 ақпаннан бастап суық судың тарифі өзгереді. Осылайша, 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап мынадай жаңа тарифтер қолданысқа енгізіледі:
  • Сумен жабдықтаудың орташа тарифі – 135,24 теңге/м3,
  • Су бұруға 83,54 теңге/м3.
  • Халық үшін сумен жабдықтаудың базалық тарифі 91,96 теңге/м3 дейін, ал су бұруға 83,54 теңге/м3 дейін өседі.

Алматыда тұратын тұтынушылар үшін орташа түбіртек:

  • суық сумен жабдықтау бойынша 32 м2 тұрғын алаңы бар 1 бөлмелі пәтер үшін 156 теңгеге және кәріз үшін 139 теңгеге (295 теңге) артық;
  • тұрғын алаңы 48 м2, 2 бөлмелі пәтер үшін суық сумен жабдықтау бойынша 234 теңгеге және кәріз үшін 208 теңгеге (450 теңге) артық;
  • тұрғын алаңы 88 м2, 3 бөлмелі пәтер үшін суық сумен жабдықтау бойынша 312 теңгеге және кәріз үшін 278 теңгеге (600 теңге) артық.
  • 1-сынып оқушылары демалады

    9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. Алайда бірінші сынып оқушылары қыста қосымша бір апта демалады. Оларға 10-16 ақпан аралығында (7 күн) қосымша демалыс беріледі.

  • Электр энергиясының тарифтері өседі

    1 ақпаннан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының шекті тарифтері көтеріледі. 17 электр станциясының тарифтері өзгермек:

    • 1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – 8,27-ден 9,5 теңгеге дейін (кВт/сағ).
    • 2-топ (Еуразиялық энергетикалық корпорациясы) – 7,98-ден 9,4 теңгеге дейін.
    • 3-топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – 13,17-ден 15,67 теңгеге дейін.
    • 4-топ (Топтардың негізгі таратушы энергостанциясы) – 15,32-ден 20,84 теңгеге дейін.
    • 5-топ (Т.И. Батыров атындағы Жамбыл ГРЭС) – 17,73-тен 22,58 теңгеге дейін.
    • 6-топ (“Қарағанды Энергоорталығы”) – 14,09-дан 17,64 теңгеге дейін.
    • 7-топ (Өскемен ЖЭО) – 14,27-ден 17,82 теңгеге дейін.
    • 8-топ (“Севқазэнерго”) – 18,61-ден 23,17 теңгеге дейін.
    • 9-топ (“Астана-Энергия” АҚ) – 9,28-ден 11,71 теңгеге дейін.
    • 10-топ (“Павлодарэнерго” ЖЭО-2,3) – 18,25-тен 24,29 теңгеге дейін.
    • 12-топ (“Қазақстан алюминийі” АҚ) – 7,87-ден 8,52 теңгеге дейін.
    • 13-топ (“Қазақмыс Энерджи” (ЖТЭЦ, БТЭЦ) – 21,42-ден 30,24 теңгеге дейін.
    • 16-топ (“Bassel Group LLS”) – 16,73-тен 25,48 теңгеге дейін.
    • 18-топ (Степногорск ЖЭО) – 28,97-ден 38,67 теңгеге дейін.
    • 22-топ (“Кентау Сервис” МКК) – 7,07-ден 37,12 теңгеге дейін.
    • 23-топ (“Арқалық жылу-энергетикалық компаниясы” МКК) – 8,44-тен 13,13 теңгеге дейін.
    • 26-топ (“Алматы электр станциялары” (ЖЭО-1,2,3, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) – 17,82-ден 20,93 теңгеге дейін.

    Ал 11, 14, 24, 29, 30, 32, 35, 36, 43-48, сондай-ақ 56-60-топтағы компаниялар үшін тарифтер өзгеріссіз қалды.

  • Өзбекстанға өткізу бекеті уақытша жабылады

    1 ақпаннан бастап қазақ-өзбек шекарасындағы “Тәжен” өткізу бекеті үш айға уақытша жабылады. Мұнда жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бекетті қайта жаңарту кезеңінде жеке тұлғалар, жеңіл көліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүк көліктері өткізілмейді.

  • Ол кезде мына өткізу пункттері жұмыс істейді:
    • “Б.Қонысбаев” (ҚР) – “Яллама” (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл көліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері);
    • “Қапланбек” (ҚР) – “Зангиота” (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл көліктер, автобустар);
    • “Сырдарья” (ҚР) – “Малик” (ӨР), “Целинный” (ҚР) – “Ок Олтин” (ӨР) өткізу пункттері (жеңіл көліктер, жеке тұлғалар);
    • “Бейнеу” (ҚР) – “Каракалпакия” (ӨР) теміржол өткізу пункттері (теміржол көлігімен жеке тұлғалардың өтуіне болады).

    Ақпанда қанша күн демаламыз?

    Ақпанда мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер жоқ. Сондықтан қазақстандықтар тек сенбі, жексенбі күндері демалады.

  • 2025 жылғы ақпанда қазақстандықтарды 20 жұмыс күні мен 8 демалыс күні күтіп тұр.

    Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін ақпандағы демалыс күндері:

    • 1, 8, 15 және 22 ақпан – сенбі күндері;
    • 2, 9, 16 және 23 ақпан –  жексенбі күндері.

    Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері – тек жексенбі күндері:

    • 2, 9, 16 және 23 ақпан.

    Ақпанда бірқатар кәсіби мереке бар:

    • 1 ақпан – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні;
    • 2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні.