БҚО Білім басқармасы Оқу ағарту министрлігіне бағынбай ма?

Оқу-Ағарту министрлігінің заңы бөлек. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының заңы бөлек екен!
Орал қаласында «Отау алаң» деген фирма бар. Басшысы әйел адам. Облыстағы тамақтану салаларының тендерге шығарылғанын қырғидай іліп түседі.
Күйеуі кезінде облысты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған құзырлы орынның бастығы болған. Қазір зейнетте. Сол күйеуінің қызметінен ыққандар жылы-жұмсақтың бәрін осы фирмаға беретін. Әлі күнге беріп келеді дейді оралдықтар.
Оралдағы мектептердің асханаларының тендерінің 50-60% осы фирма ұтып алады. Ұтып алады да, ол асхананы субподрядқа береді! Ал, бұл заңға қайшы! Тамақтануды ұтып алған фирма екінші бір фирмаға ішінара беруге де болмайды! Бұл тайға басқандай жазылып тұр.
Ал, Орал қалалық білім бөлімінің орынбасары «министрдің рұқсаты бар» депті. Онда әр министр өзіне ыңғайлап Заң, Конституция жасап алсын!
Орал Қаласының Әкімдігі мынау тікелей сендердің косяктарың!
Оралдықтар тендерді қайта өткізіп, заңды бұзып келген “ Отау алаң” фирмасын мектеп тендерлерінен шеттетуді сұрайды.
Оңғар ҚАБДЕН, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.