БҚО-да табылған ұшқышсыз аппарат: Полиция құпия бақылау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр

0
130

Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз аппарат табылған соң полицияның қай баппен тергеу бастағаны белгілі болды.

Қазіргі таңда полиция Қылмыстық кодекстің 399-бабы «Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану» бойынша тергеу бастаған.

Дрон БҚО аумағында 18 ақпанда Бөкейордасы ауданындағы Ұялы ауылында табылған. Сол күні полиция департаменті апараттың табылғанын растады. Алайда қорғаныс министрлігі 2 апта өтсе де аппараттың қайдан келгенін және әуе кеңістігін бұзу дерегін де растамаған.

БАҚ-тағы деректерге сенсек, ұшқышсыз аппарат әскери мақсатта қолданылатын ресейлік «Орлан-10» дронына ұқсайды.