Блогер ай сайын 38 млн теңге таба ма?

0
455

Танымал блогер, кәсіпкер Ырысбала Икрамбай айлық табысын көрсетіп, қайда жұмсайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы Алматының қақ ортасынан зәулім екі қабатты жер үй сатып алған еді.

“Неше күннен бері денсаулығым сыр беріп, ауруханаға жатпай, үйден ем қабылдап жатырмын. Жүктіліктің аяқталуына да сәл қалды. Еркелеп жүрмін. Біздің соңғы жаңалығымыз – жер үй сатып алдық. Ауласы кең, жер үй арман еді. Алматының төрінен алып жатырмыз. Үй құтты болсын деп қойыңыздар. Енді 5-6 айлық жөндеу басталды”, – деп жазды блогер.

Сондай-ақ қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай өзінің кірісі мен шығынын ашық көрсетті.

“Құр жатпайын деп өзіме есеп бердім. Бір айдағы кіріс пен шығыс. Қайда жетіп жатыр айналайын-ау. Көріп қалып қарыз сұрау жоғынан. Өзіміз үйдің құрылысын бастайын деп отырмыз», – деген блогер банк қосымшасының скриншотын жариялап, ай сайын түскен 38 миллион теңгені көрсетті.

Фото интернеттен алынды.