Бортсеріктердің мәселесіне министр жауап берді

0
137

Көлік министрі Марат Қарабаев Air Astana әуе компаниясының бортсеріктерінің еңбек жағдайы мен төмен жалақыға қатысты шағымдарына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап.

Министрдің мәліметінше, жағдайды егжей-тегжейлі зерттеу үшін комиссия құрылған, оның құрамына басқалармен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен азаматтық авиация комитетінің қызметкерлері кірген. Министрдің айтуынша бортсеріктердің шағымындағы кейбір фактілердің шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

«Бұл үндеулерде келтірілген ақпарат шындыққа жанаспайды. 25 ұшақ бар екендігі айтылған. Жоқ, «Air Astana-ның» шын мәнінде 54 ұшағы бар. Биыл қосымша ұшақтар келіп жатыр. Жалпы алғанда, «Air Astana-ның» бұрынғы қызметкерлері қол қойған фактілер болды», — деді Марат Қарабаев.

Министр «Air Astana-да» бортсеріктердің жұмысы үшін жақсы жағдай жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, әуекомпаниясында бонустық жүйе де бар. Компанияда жалпы саны 2 мыңға жуық бортсерік жұмыс істейді.

«Мәселен, «Air Astana» әуе компаниясының қызметкерлері мен бортсеріктері халықаралық рейстер кезінде төрт және бес жұлдызды қонақүйлерге орналастырылады.

Сонымен қатар, бортсеріктердің өздеріне ғана емес, оның барлық отбасы мүшелеріне де халықаралық және ішкі рейстердің билеттеріне 90% жеңілдік қарастырылған. Өткен жылдың өзінде осындай 20 мыңға жуық билет пайдаланылған», – деді министр.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.