Бүкіл қайырымдылық істері мемлекет бақылауына өтпек

0
127

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжілісте қайырымдылықтың барлығы мемлекте бақылауына алынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр қазақстандықтарға ауру балаларға немесе табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек ретінде ақша жинауға тыйым салуға бола ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.

Журналистер жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық жинақтарын жүргізуіне шектеу енгізу мәселесі қазір қарастырылып жатыр ма деген сауал қойды.

Аида Балаеваның айтуынша, билік Қазақстандағы барлық қайырымдылық шараларын бақылауға алуды жоспарлап отыр. Бұл шаралар қазақстандықтарды алаяқтардан қорғау үшін маңызды дейді ол.

Қазір елімізде қайырымдылық негізінен азаматтардың емделуіне ақша жинау түрінде көрсетіледі. Мәдениет министрлігі көмек көрсетудің бірыңғай тетігін құруды ұсынып отыр.

«Мәселе талқыланып жатыр, жұмыс тобы құрылды. Ұсыныстарды жинап, сарапшылардың пікірлерін зерделеп жатқандықтан, әзірге нақты шешім шыққан жоқ.

Бұл оңай шығарылатын шешім емес. Қазір алаяқтық фактілері тіркелуде. Сондықтан біз қайырымдылық жасау тетігін жетілдіру мәселесін қарастырып жатырмыз. Халыққа зияны тиетін шешім қабылданбайды. Мәселе қазір талқылауда. Нәтижесін күтейік», – деді Балаева.

Балаева бұл мәселе азаматтық қоғам институттарының кеңінен қатысуымен талқыланатынын айтты.

Фото интернеттен алынды.