«Бүкіл нәрсе мамам арқылы шешіледі»: әйелімен ажырасып, қайта қосылған әнші ата-анасы туралы айтты

Танымал әнші Ринат Шамшырақ отбасындағы құпиясын айтып, жан сырын ақтарды.
Әншінің бұл видеосын жұбайы Аружан Төре әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Әкем елестеп жатқан болар. Бүкіл нәрсе мамам арқылы шешіледі. Досы сияқты (ред. – әкесімен) жүреміз. Әке сияқты қарамаған», — дейді Ринат Шамшырақ.
Видеоға мән берсек, әнші жұбайымен бірге психолог маманның қарауында отырғанын байқауға болады.
Айта кетейік, әншінің жұбайы Аружан Төре өзінің өмірдегі негізгі рөлін ұмытып кеткені туралы қозғап, жұрт білмейтін сырын айтқаны туралы хабарланған болатын.