Бурахан Дақановқа қарсы шабуыл үдеп бастады (ВИДЕО)

0
2324

Теріскейді қазаққа толтырып, қазақтың жерін қазақыландырайық деп белсенді қызмет атқарып жүрген Бурахан Дақановқа қарсы ақпараттық шабуыл үдеп бастады деп жазады Democrat.kz.

Аслан атты жігіт арнайы видео арнап, Бурахан Дақановқа қолынан келгенінше күйе жағып, шамасы жеткенше кейбіреулерді оған қарсы бас көтеруге шақырыпты.

“Оңтүстіктің халқын Солтүстікке көшіріп жүрген ұлы көшіруші Бурахан Дақанов осы көш жұмысы үшін мемлекеттен 10 миллион теңге тендерге ақша алыпты. Бурахан деген – Петропавлдың атын Қызылжар деп ауыстыруды, теріскейдегі басқа елдімекен атауларын қазақшалауды ұсынып жүрген адам. Өзі басқа жақтан келіп, теріскейде тәртіп орнатқысы кеп жүрген біреу” деп күркірей сөзін бастаған Асланның түпкі мақсаты ә дегеннен-ақ белгілі болды.

Асланды тыңдасақ, солтүстікті қазаққа толтырмау керек екенбіз. Асланды тыңдасақ, солтүстіктегі жер-су атауларын қазақшаламау керек екенбіз. “Солтүстіктегі жер-су аттарының астарында қан, тер, тарих жатыр” дейді Аслан.

Явленко, Петропавлдан бастап, ивановка-сивановка деген атаулардың қасы бірінің астарында қазақтың тарихы мен қазақтың қан-тері төгіліп тұр? Осындай атаулардың қайсысы қазақтың тамырындағы қанын ойнатып, жігер береді?

Явленко ауылы мен Мағжан Жұмабаев ауылы деген атаудың қайсысы сізге ыстық?

Жә, асландарға қазақтың бір әрпінің қасиетін түсіндіру мүмкін бе? Тілі орысша, түрі… бұл қазаққа мұндайлардан қашан пайда болып еді?

Әлгі Аслан “Бураханға 10 млн теңге бөлетіндей, неужели мемлекеттің саясаты теріскейді қазаққа толтыру?” деп ішегін тартқанына жол болсын.

Аслан, әуелі мелекет саясатын ежіктеп оқып, сосын ауыз ашқан жөн болар. “Оңтүстіктен-Солтүстікке” деген бағдарлама ресми, мемлекеттік бағдарлама! Қазақ мемлекетінің саяси билігі Солтүстікті халыққа толтыру үшін жыл сайын миллиардтап ақша бөліп келеді.

Қорыта айтқанда, кейбіреулерге Теріскейіміздің топырағын мемлекетті құрап отырған ұлттың табаны басқаны ұнамай отырған сыңайлы. Сол әлдекімдерге ұнамада екен деп, бабадан қалған сол топырақ бос қалмайтынын асландар мен басқалар ұмытпағаны жөн.

Асланның осы видеосының астына пікір жазған жұрттың 99 пайызы бұл жігіттің мына әрекетін “ұлтараздықты қоздыру” деп бағалап, құқық қорғаушы органдарының назар салуын сұрауда.

Дайындаған – Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото редакцияның коллажы.