COVID-19 вакцинасын алғандардың денсаулығында ақау пайда болған
Дәрігерлер Pfizer COVID-19 вакцинасынан кейін күтпеген кері әсерді анықтады. Сол екпені алған әйелдерде гигантомастия немесе әйелдердегі сүт бездерінің шамадан тыс ұлғаюы байқалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pubmed сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Pfizer/BioNTech COVID-19 препаратын алғаннан кейін бір аптадан кейін әйелде сүт безі ұлғайған. Екінші дозаны қабылдағаннан кейін әйелдің кеудесі одан да үлкен болды.
«COVID-19 вакцинациясынан кейін сүт безіндегі шынайы паренхиматозды өзгерістер өте сирек кездеседі. Псевдоангиоматозды стромальды гиперплазиямен (PASH) байланысты гигантомастия жағдайлары да сирек кездеседі. Ал мына пациентте екеуі де болған», – дейді зерттеушілер.
Нәтижесінде дәрігерлер сүт бездерін хирургиялық жолмен кішірейтуге мәжбүр болды.
Ғалымдар COVID-19 вакцинасы, PASH және сүт безінің гипертрофиясы арасындағы байланыс вакцинаға реакциялардың спектрін түсіну үшін қосымша зерттеуді қажет етеді дейді.
Ақпаратты Американың пластикалық хирургтар қоғамы ұлттық медицина кітапханасында жариялады.