“Дариға Назарбаевада ұят жоқ” дейді Серік Әбдірахманов
Саясаткер Серік Әбдірахманов арнайы сұхбат беріп, еліміздің саяси сахнасының іші-сыртындағы біраз шындықты бүкпесіз айтып беріпті. Бұл туралы Democrat.kz. ақпараттық порталы neboldy7 Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сұхбат барысында саясаткер Қазақстанның саяси өміріндегі көптеген мәселелерге тоқталып, өзіндік бағасын береді. Мысалы, Қаңтар оқиғасына қатысты сұраққа Серік Әбдірахманов: “Егер президент Тоқаев ОДКБ әскерін шақырмай, қашып кеткенде, Дариға (Назарбаева) ұялмай-қызармай президент болып отырар еді. Оларда еш ұят жоқ. ОДКБ бізді құтқарып қалды”,- дейді. Сондай-ақ саясаткер Кәрім Мәсімовте президент болайын деген ниет болмағанын айтады.
Сұхбаттың толық нұсқасын neboldy7 Youtube арнасынан көре аласыз.
Фото ашық дереккөзден алынды.