Дарын Мубаров: «Маған сен вахабиссің!» деп қолын шошайтты

0
438

Танымал журналист Нұргелді Жылқышыбаймен сұхбатында Дарын Мубаров өзіне қатысты бірнеше мәселеге тоқталды деп жазады Democrat.kz.

Өзін «вахаббист»дейтіндерге қатысты тоқталған Дарын Мубаров өзіне мешіт имамының қолын шошайтып тұрып «сен вахабитсің!»дегенін айтады.

Алайда «вахабитпін»демейді. Вахабизм туралы түсіндіріп, сұрақты сұйылтып жібереді.

Сондай-ақ сұхбат барысында журналист әр тараптан сұрақпен қыспаққа қанша алса да, сытылып шығып, сыдыртпа жауаппен құтылып отырды.

Мұхамеджан Тазабеков, Бекболат Тілеуханға қатысты сұраққа да нақты жауабын бермеген Дарын Мубаров журналистің өзін жаңылдыруға тырысқандай.

«М.Тазабек дінімді өзгерттім, мен жаңылыппын деп видео жариялады. Сол видеода сіздің атыңыз айтылады, бұған не айтасыз?» деген журналиске «Ол видеода мен туралы нақты ештеңе айтпаған. Не айтқысы келгенін өзінен сұрау керек» деп қысқа қайырды.