«Дикий Арман» неге өз тамырын кесіп тастады?

0
39

Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арманның) қорғаушылары Қостанайдағы тергеу изоляторында не болғаны туралы жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.

Адвокаттың Елена Жигалёнок сөзінше, сотталушыға адвокат жіберілді. Сондай-ақ тілінген жерін дәрігерлер қайтып тігіп, Арманның денсаулығы қазір бірқалыпты.

Адвокат оның құқығы еленбегеніне наразы болып, осындай әрекетке барғанын айтты.

«Ол озбырлыққа және оның құқықтарының бұзылуына наразылық ретінде өз тамырын кесіп тастады. Жалпақ тілмен айтқанда, құқығынан айрылған «манекендерді» жан-жақтағы мекемелерге таратып жібергенін білесіздер. Бұл қорғау құқығын өрескел бұзу, өйткені үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», – деді Жигалёнок.

Сот ісіне дейін айыпталушыларға отбасы және адвокатымен сөйлесуге мүмкіндік болмады.

«Аппеляцияға қалай дайындалып жатырмыз? Біз өтініштер жасадық, бұндай заңсыз бұйрықтарды кім бергенін нақты білгіміз келеді. Кейін оларға шағымданамыз».

Бұл іс бойынша тағы бір сотталушы – ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов Көкшетау тергеу изоляторында аштық жариялады. Бұл туралы оның қорғаушысы Евгений Яворский хабарлады.

Алайда Ысқақовтың адвокаты оған бара алмаған, сондықтан аштықтың не себепті екені әлі белгісіз.