Димаш өзіне қатысты кейбір бос сөздерге қатысты жауап берді (ВИДЕО)

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген өзіне қатысты кейбір сөздерге қатысты жауабын берді деп жазады Democrat.kz.
«Кейбіреулер «Димаш Қытай арқылы әлемге танылды» дейді. Осыған байланысты өз ойымды айтып өтейін. Stranger байқауы, әрине менің жұртқа танылуыма үлкен әсер етті.
Алайда ол байқауға дейін Қазақстанда туып, Қазақстанда білім алдым. Қазақтың арасында тәрбиеленіп, өстім.
Қазақтың нанын жеп, суын іштім. Қазақтың батасымен көгеріп, ата-ана, бауырларымның қолдауымен додаларда бақ сынадым.
Сонымен қатар менің даусымды қойған ұстазым Марат Әйтімов пен алғашқы ұстазым Дина Ниязова апайыма алғыс айтқым келеді. Мен міне, осы айтқан кісілердің арқасында осы деңгейге жеттім» деді Димаш Құдайберген.
Фото интернеттен.
@dimash9575