Діни жазбаларға лайк басқандар жазаланбақ
Өзбекстанда діни экстремизммен күрестің жаңа тәсілі қолға алынатыны хабарланды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы UzDaily порталына сілтеп хабарлады.
Діни алауыздық тудыратын жазбаларды лүпілдетіп, не оларды бөліскендер қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.
«Діни материалдарды тарату тек қана мемлекеттік діни сараптамадан өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі», – делінген UzDaily алға тартқан хабарламада.
Басылымның жазуынша, Өзбекстанның дін істер жөніндегі комитеті ел тұрғындарын интернет желісіндегі діни посттарға лайк баспауға үндеген.
Комитет ескертуіне сәйкес, тексерілмеген діни материалдарға лайк басу ірі көлемдегі айыппұлға негіз болмақ.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.