«Домбыра-харам» деген қыз шешкен хиджабын қайта киді

0
1342

Бірнеше ай бұрын хиджабын шешіп, «мен — қазақтың қызымын!»деп мәлімдеме жасаған тиктокер Назерке Тілепберген хиджабын қайта киді деп жазады Democrat.kz.

«Бұдан былай ұлттық құндылықтарды насихаттаймын. Домбырамен ән салам. Оранған қыздарға сенбеңдер» деген сыңайдағы дүниелерді айтып, хиджабын шешіп, жаңа образға енген Назерке баяғы қалпына қайта оралды.

Соңғы екі күннен бері хиджабпен эфирге шығып жүрген ол мұнысын:»Өзім кигім келді. Ешкім қинаған жоқ. Ешкім тиіскен жоқ. ҰҚК қысым жасамады. Хиджабымды ҰҚК шештірген жоқ. Керісінше, кеше хиджабтағы эфирімді көріп ҰҚК-дегі жігіттер «жұмыртқадан жарып шыққан балапандай әп-әдемі боп қалыпсың, осылай жүрші» деп жатыр»- деген Назерке осылайша тақуалық өміріне қайта оралды.