Дос Көшімнің үстінен шағым түсірді

0
679

“Адырна” ұлттық порталына берген сұхбатында белгілі саясаткер Дос Көшім  Халифат құру идеясын қолдайтынын айтқан болатын. Осыған байланысты еліміздің бір топ белсенді азаматы саясаткерді заң алдында жауапқа тартуды сұрап, шағым түсірді деп хабарлайды Democrat.kz.

“ҚР Бас прокуроры Асылов Берік Ноғайұлына!

Қазақстан азаматы және белгілі саясаткер Дос Көшім жақында ғана «adyrna» ютуб-арнасына берген сұхбатында Қазақстанда тыйым салынған «Хизбут-Тахрир» саяси экстремистік партиясының риторикасын дәлме-дәл қайталап, ортағасырлық ислам шариғатына негізделген «халифат» идеясын қолдайтынын ашық айтты.

Саясаткер Дос Көшімнің бұл сөзі  ҚР Қылмыстық кодексінің 256 бабы,яғни терроризмді ашық насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру боп табылады.

Егер Дос Көшім заң алдында тиісті жазасын алмай сытылып кетсе , онда Қазақстанның түзету колонияларында жазасын өтеп жатқан «Хизбут-Тахрир» экстремистік партиясының мүшелері де түрмеден босатылуы керек!

Себебі Дос Көшім түрмедегі экстремизм бабымен отырғандарға қарағанда қазақ қоғамына танымал тұлға.

Құрметті Берік Ноғайұлы!

Қазақстан зайырлы мемлекет,сол үшін ата заңымыз Конституцияны мойындамайтын халифат идеясын ашық насихаттаған Дос Көшімді тез арада заң алдында жауапқа тартуды сұраймыз” деп жазылған шағым хатта.

Саясаткердің үстінен жазылған шағым бүгін ресми түрде тікеуге алынды. Ендігі жерде тиісті орган өкілдері мәселеге байланысты заңды баға беріледі деп күтілуде.

Фото интернеттен алынды.