Экс-президент статусын қайтарып беруді сұрады

0
71

Қырғыздар биліктен қуып жіберген Асқар Ақаев Жоғарғы Кеңестен экс-президент деген статусын қайтарып беруді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kg онлайн басылымына сілтеме жасай отырып.

«Бұл мәселе күн тәртібіне әзірге шыққан жоқ. Әуелі фракциялар және олардың басшыларымен, депутаттармен бірге талқылаймыз. Содан кейін ғана күн тәртібіне енеді», — деді депутат Чолпон Сұлтанбекова.

Еске салайық, Асқар Ақаев Қырғыстанды 1990 жылдан 2005 жылға дейін басқарған, 2005 жылы елде авторитарлы билікке қарсы қызғалдақ төңкерісі өтті. Асқар Ақаев биліктен қуылып, Ресейге кеткен.

Асқар Ақаев Ресей ғылым академиясының академигі, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, профессор. 2022 жылы ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келіп, дәріс оқып, универсиеттетің «Құрметті профессоры» атағын алды.

Фото интернеттен алынды.