Ең көп қарыз алатындардың есімі белгілі болды
Қазақстанда көп қарыз алатын адамдардың аты белгілі болды деп жазады Democrat.kz. Ақпараттық порталы.
Түрлі сараптама жұмыстарының нәтижесінде елімізде Руслан, Айгүл, және Динара деген аты бар кісілердің банк алдындағы борышы анағұрлым көп екен.
Ал Бірінші кредит бюросының мәліметінше, Азамат есімді борышкердің саны — 44,8 мың, Серік — 42,1 мың, Марат– 41,4 мың екен. Азаматтардың алған несие сомасы орташа — 3 млн.теңге болса, Серік пен Марат есімді азаматтардың борышы -2,5 млн.теңге көлемінде екен.
Әйелдер арасында Динара есімділері — 52,2 мың, Мадина – 39,7 мың, Аружан – 21,2 мың. Динаралар алған қарыз көлемі — 2,8 млн теңге, Мадиналар — 2,4 млн, ал Аружандар – 1 млн теңге көлемінде несие алған.
Фото ашық дереккөзден алынды.