Енді Ақтөбенің бас имамы шулатып жатыр

0
1254

Қостанайдың бас имамы «мас имам» болды, ал Ақтөбенің бас имамын кім дейміз?

Әлеуметтік желіде Ақтөбе жамағаты мен бас имамы Серікжан Еншібайұлы арасындағы даулы әңгіме жарияланды. Жамағаттың сөзіне сенсек, Ақтөбедегі «Нұр ғасыр» мешітін жөндеуге намазхандар бір кісідей атсалысқан, қалталарынан 30 млн теңгеге жуық ақшасын құйған.

Бірақ, бәрібір жөндеу жұмысына ақша жетіспей қалғандықтан бас имам мен жамағат арасында ұрыс керіс басталыпты. Бұл әдеттегі жағдай ғой…

Мені шошытқаны – көркем мінез болуға тиіс бас имам «сені комитеттің жертөлесіне тығам», «ал сені прокурорға айтып соттатам» деп намазхандарды қорқытыпты.

Осы тұста белгілі дінтанушы Асқар Сабдиннің «кемі үш имамның «үш әріп» екенін білем» деген сұхбаты есімі түсіп кетті. Жамағатына доқ сөрсетіп күшеніп сөйлеуіне қарағанда, «үш әріп» имамның бірі осы Серікжан Еншібайұлы емес пе?!.

Осы сұраққа Қостанайдың мас имамына әбден күлген Ақтөбенің жамағаты Малик Ораков не деп жауап берер екен..

Менікі болжам ғой, анығын мүфтият біледі…

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.

Facebook  жазбасы.

P.S Ақтөбенің бас имамы мен жамағатының өзара сөйлескен жазбаларын төмендегі сілтемеге өтіп тыңдай аласыз.

https://www.facebook.com/oraz.alimbekov/videos/8068218686575347/?mibextid=oFDknk&rdid=ddd6FSzdyovngQTa