Ендігі қауіп Алматыда ма?

0
200

Алматыда селден қорғауға бөлінген қаражат жымқырылған деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы @kazakh_inform-ға сілтеме жасап.

Селден қорғау плотинасының “Ақсай” бассейнінде ақаулар шыққаны анықталды. Бассейн құрылыстарын жүргізуде мердігер компания өз міндетін орындамаған. ТЖ министрлігінің хабарлауынша, осыған байланысты Алматыда 30 мыңнан астам адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін.

“Өз міндеттерін орындау кезінде мердігер компания белгілі бір заң бұзушылықтарға жол берген. Соның салдарынан Алматы қаласының 30 мыңнан астам тұрғынына қауіп төніп тұрғаны анықталды”,- деп хабарлады ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі.
Бюджет қаражатын жымқырғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Фото ашық дереккөзден алынды.