Ертегі кітаптағы масқара жайттар (ВИДЕО)

0
630

ТикТок әлеуметтік желісінде Альбина Абдибаева атты тіркелуші қазақ ертегі кітабына қатысты жаға ұстатар жағдаймен бөлісті деп жазады Democrat.kz. ақпараттық поталы.

Альбина сіңлісіне ертегі оқымақ болып,  «50 ертегі, 70 жұмбақ» атты кітапты қолына алса, балаларға арналған кітапта масқара жағдай жазылғанын көреді. «Дәулет құс» деп аталатын ертегіде: «Баяғыда бір шал болыпты» деп басталатын ертегіде кемпірі өлген шал басқа әйел алыпты деп, оның дәулет құсы да болғаны баяндалады. «Енді мынаған қараңыздар, әлгі шал алған екінші әйелдің «басқа жалған көңіл қосқан адамы болыпты» дейді. Шал сапарға кеткесін, әлгі жалған көңіл қосқан басқа адамын шалдың әйелі үйіне шақырып алады…» Не мынау?

Балаларға арналған ертегіде «жалған көңіл қосқан кісі» не деп адасып жүр? Балаға бұл кісі туралы не түсіндіруге болады?

Бұл кітап «Ана тілі» баспасынан, О.Асқардың редакторлығымен жарыққа 2012 жылы шыққан екен.

Фото интернеттен алынды.