Есепшотқа қай кезде «арест» қойылады?

0
41

Қазақстанда банк шоттарын бұғаттау ережелері өзгертілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір салық бойынша қарызы 2024 жылы 6 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) немесе 22,1 мың теңгеге жеткенде мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қолданылады.

«Ал әлеуметтік төлемдерге: медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақыға қатысты қарыз 1 теңгеден асатын болса, шаралар қолданылады. Енді жаңа ереже аясында, қарыз көлемін қайта қарайтын боламыз. 20 АЕК-ке немесе 73 840 теңгеге дейін, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбауды, яғни есепшотты бұғаттамауды ұсынамыз», — деді Ержан Біржанов.

Жаңа ереже бойынша, әлеуметтік төлем бойынша қарызы 20 АЕК және одан жоғары қазақстандықтарға хабарлама жіберіледі. Қарыздың кешіктірілген әр күні үшін үстемақы қосылып отырады. Ал қарыз 20-дан 45 АЕК-ке дейін, яғни 73,8-ден 166,1 мың теңгеге жеткенде, салық төлеушіге қарызды өтеу керектігі туралы хабарлама жіберіледі, әйтпесе 30 күн ішінде шара қолданылады.

«Егер салық төлеуші ​​қарызын өтемеген болса және оның сомасы 166 мың теңгеден асып кетсе, онда біз шоттарды жабуға мәжбүр боламыз. 45 АЕК-тен жоғары болса, онда біз тек шоттарды бұғаттаумен тоқтамаймыз, борышкердің есебідегі мүліктен өндіріп алуды жоспарлап отырмыз», – деді Біржанов.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.