Ғалымжан Құрманбектің мәселесі май шаммен қаралуы мүмкін

0
772

«Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр жер үшін емес, дін үшін күресті» деген әзілкеш, актер Ғалымжан Құрманбекті ҚР Қылмыстық кодексінің 256 бабы бойынша жауапқа тарту туралы шағым тиісті орындарға жолданды деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы. 

Кеше әзілкеш Ғалымжан Құрманбектің үстінен шағым хат дайындалып, қол жиналып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Қоғам белсендісі Нұргүл Мұқышеваның ұйымдастыруымен жазылған бұл хат оның атынан ресми жолданды.

Айналасы 6-7 сағат ішінде жүзден астам адам аталмыш хатқа қол қойып, бүгін сол хат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Қазақстан Ұлттық қауіпсіз комитеті Төрағасы Ермек Сағымбаевқа және Қазақстанның Бас прокуроры Беркі Асыловқа ресми жолданды.

Жүздеген қазақ азаматының талабы — әзілкеш Ғалымжан Құрманбектің сөзіне ҚР Қылмыстық кодексінің 256 бабына сәйкес, (терроризмге ашық шақыру бойынша) құқықтық баға берілмек.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.