“Гүлжанмен сүйісіп, төсекте жатып жүріп соттастық” дейді “Тамашаның” әртісі Мұхамеджан Мырзакеев

Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында “Тамаша” ойын-сауық отауының бұрынғы әртісі Мұхамеджан Мырзакеев әріптесі Гүлжан Қалыбаевамен арадағы жағдайларды баяндап берді деп жазады Democrat.kz.
Бір кездері өзін Гүлжан Қалыбаева сотқа бергенін еске алған Мұхамеджан Мырзакеев: “Гүлжан менің үстімнен сотқа шағым берді. Авторлық құқығын талап етіп, 80 млн теңге талап етті. Сол кездері екеуміз сериалға түсіп жүргенбіз. Сериалда екеуміз сәні жарасқан, бақытты отбасының жұбайлар рөлінде ойнадық. Камера ашылып “мотор” деген сәтте екеуміз бақытты ерлі-зайыптының рөліне кіріп, төсекте бір-бірімізді құшақтап сүйіп, жылы сөздер айтамыз. Камера сөнген сәтте ит пен мысықтай ырылдасып, айғайласып, тіпті қырылып, төбелесетінбіз. Сөйтіп, сүйісіп жүріп соттастық қой. Сотта Гүлжан жеңді. Мен 1 млн теңгеден астам шығын төледім”,- деді Мұхамеджан Мырзакеев.