Гуманитарлық көмек заттары ұрланған ба?

0
416

Батыс өңірінде су тасқынына байланысты жолданған гуманитарлық көмек талан-таражға түскен деп хабарлайды Democrat.kz  ақпараттық порталы ТикТок желісінде блогер таратқан видеоға сілтеме жасап. 

Видеода қойма ішінде бір шетте үйіліп жиналып қойған түрлі заттар тұр. Түсінгеніміз, әр аймақтан жеткізілген көмек заттарының тәуірін кейбіреулер жамбасқа басқан сыңайлы. Жақсы деген сапалы заттарды өз таныстары мен өздеріне алып, тығып қойған көрінеді. «Мен блогермін» деген әйел адам «мынау заттар неге таратылмаған?» деген сұрақтың астына алып, сұрақтарына мардымды жауап ала алмайды.

«Блогермін» деген әйелге нақты жауап бере алмаған екі жігіттің бірі әлеуметтік желіде Мейрамбек Махамбетов көпшілікке таныс адам сияқты. Себебі видеоға қатысты пікірлердің жартысы «Мейрам ондай нәрсе істемейді. Ол нағыз мұсылман. Аллаһ жолында жүрген жігіт» десе, қарсы тарап «пәленің бәрі осындайлардан шығады», «мұсылманмын дегендер осындайға барса, басқадан не күтеміз» десіп жатыр.

Осы видены түсіру барысында әлгі заттардың неге түгел таратылмағанына нақты жауап бере алмаған Мейрамбек Махамбетов кейінірек: «Ол әйелді кешірдім. Айтып жатқандары өтірік. Көмекке келген бір картопты өз туыстарыма бермедім. Апайдың атына арыз жазуға болар еді, бірақ өйтпедім. Аллаһ кешірсін сізді! Кезінде мен де сондай видео түсірдім, мүмкін соның бір өші шығар. Әлһамдуллилаһ, апай, сізді кешірдім» деп видео таратты.

Төменде екі тараптың да видеосын қатар беріп отырмыз.

@qazaq.jastary

«Жоғалған азық-түлік табылды» толығырақ bostandyq арнасынан көре аласыздар.#жоғалғаназықтүлік #сутасқыны #атырау

♬ Epic Legend — Auracle

 

@timurbatyrovbbbbb

#мейрамбекмахамбетов

♬ original sound — 🦋⃟⃟ ͥ ͣ ͫ Peshawar king9 🖤