«Хиджаб киетіндер мен кимейтіндер салық төлесін» дейді тиктокерлер

0
296

ТикТок әлеуметтік желісінде хиджаб мәселесіне қатысты айтыс-тартыстың түрі күн өткен сайын түрленіп барады деп жазады Democrat.kz.

Төмендегі видеода  тиктокер Дана Дэйна: «Хиджаб киетіндер мемлекетке салық төлесін. Өзінің дініне қаншалықты адал, берілген екенін көрейік. Егер сен расымен дінге сенетін болсаң, дініңді шексіз сүйетін болсаң, сол үшін ақша төлесең, сен өз дініңе деген адалдығыңды дәлелдейсің. Дінге қатысты бос сөйлей беруге болады ғой, өйткені сөз тегін. Ал егер ақша төлесең, ол басқаша болады» десе, оған қарсы жауап берген екінші тиктокер Ulvi Ragimov: «Олай болса, хиджаб кимегендер де мемлекетке салық төлесін» дейді.

Алайда Дана Дэйна «хиджаб кигені үшін салық төлесін» деген видеосына қатысты түсініктеме беріп, ол видеоны әлдекімді ренжіту, діни сеніміне тиісу мақсатында түсірмегенін, бір дүмшенің өзін қатты ренжіткенін айтып, кешірім сұрады.

Сіз қалай ойлайсыз? Егер үстіндегі киіміне қатысты мемлекетке салық төлетсе, қоғамда әлдебір өзгеріс болар ма еді?

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.  

@uragimovv

😂🤣

♬ оригинальный звук — Ulvi Ragimov