Хиджаб киген еркектер ұсталды
Кеше ғана Democrat.kz. ақпараттық порталында «Еркектер де хиджаб кисін!»деген мақала шыққан еді. Бүгін көршіміз Өзбекстанда хиджабты еркектер полицейдің қолына түсіпті.
Ташкенттің Бектемір ауданында полицейлер күдікті бір «әйелді» бақылауға алады. Ізінен біраз түскенде, полицейлер хиджабқа оранған әйел емес, еркек екенін біледі.
Ферғананың 45 жасар тұрғыны неге тұмшаланып хиджаб киіп, бетіне медициналық маска тағып алғаны әзірге тергеп, тексерілуде.
Бұған дейін де Өзбекстанда хиджаб, ниқабқа оранған көп еркек полицияға ұсталған болатын. «Жасырған әлдебір ұрлығы болмаса, неге адам тұмшалануы мүмкін?» деген сұрақ кімді болса да мазалайтыны сөзсіз.