«Хуторлық Хасанның» қолдаушысы сенат депутаты ма?

0
217

Дереккөздердің мәліметінше, сенат депутаты Мұхтар Жөргенбаев (суретте) хуторлық Хасан Қасымбаевтың туысы,  — деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, Алматы облысынан сайланған сенатор Мұхтар Жөргенбаев қамауға алынған Хасанның ағасы. Олардың анасы — туған апалы-сіңлі.

Қазіргі таңда тергеу барысында оның бұл жағдайға қаншалық әсер еткені тексеріліп жатыр. Ол Талғар аппаратының басшысын — Хасанның ағасын атышулы оқиғадан кейін жұмыстан қумауын сұраған деген ақпарат бар», — делінген дереккөз хабарламасында.

Айта кетейік, Мұхтар Жөргенбаев қазіргі таңда Сенат депутаттарының тізімінде тұр. Ол Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында туған.