«Ібіліс атаның ұстанымын құптаймын, ол — әділдік тарапында болды» дейді

0
191

Әлеуметтік желіде жарияланған төмендегі жазба көпшілікке ой салады деген ниетпен назарларыңызға ұсынылып отыр. 

Дін тақырыбында қызықты деректер ұсынатын қоғам белсендісі Сәбит Шеркешбайұлы бұл жолғы жазбасында да «расында да ойланатын нәрсе екен» дегізетін пікірін жариялады.

Бүкіл адамзат бар күнәсі мен кінәсін артуды әдет еткен ібіліс әу бастан неге жаратушының қаһарына ұшырады? Осы сұраққа байланысты Сәбит Шеркешбайұлы:

«Маған «Ібіліс» кейіпкері ұнады. Және оны аядым. Неге мұсылман қауымы Ібілісті жаман көретінін оны азғырушы деп білетінін қысқаша айта кетейін.

Алғашында алланың құзырында тек қана періштелер ғана болды. Сол періштелердің көшбасшысы Ібіліс болды. Бір күні алла періштелерді жинап, жер бетінде тағыда бір жаратылыс жаратамын, сендер бұдан былай соған қызмет етесіңдер сәжде етесіңдер деп бұйырады.

Сонда барлық періштелер алла алдында құлдыраң қағып иә иә деп бастарын шұлғып разы болады. Бірақ бұған Ібекең бірден қарсы болады.

Алла сонда «датыңды айт!»-деді Ібіліске сұқтана қарап.

Ібіліс: «уа жаратушы ием мен сізге қанша жыл адал қызмет етіп сізге ғана сәжде етіп келдім, мен сізден басқаға сәжде ете алмаймын» деп датын айтты. Өзінің адалдығын білдірді.

(Бұл жерде Ібілістің сәжде еткісі келмегенінің себебін, оның оттан жаралдым дегені мен адамның балшықтан жаралғанымен түсіндіреді. Мен оттан жаралдым ал адам болса балшықтан жаралған, мен оған сәжде ете алмаймын деген дейді.)

Иә рас.

Бірақ бұл жерде Алла Ібіліске өте обал жасады. Ібілістің өкпесі орынды еді. Өйткені , өз жаратушысына садық боп сәжде етіп келген Ібіліске, қандайда бір жаратылысқа сәжде ет деп бұйырғаны өз егесі тарапынан өзіне жасалған қиянат еді.

Алла бәрібір шешімін өзгертпейтінін айтқанда , өкпесі қара қазандай болған Ібіліс те өз уәдесінен таймайтынынын айтады.

—Жаратсаң жарата бер, бірақ мен оларға сәжде етпек түгілі оларды өз жағыма тартамын дейді. Тіпті Алламен шарттасады.

Сонда Алла, Ібілістің әрекетін байқап көрейінші деп, өзіне тиімсіз Ібілістің шартына көнеді.

Міне, содан бері адамзат тағдыры Алла мен Ібілістің бәсекесінің ойыншығына айналып отыр.

Бірақ мен өз басым Ібіліс атаның ұстанымын құптаймын ол әділдік тарапында еді!» деп жазады.

Расында да, жаратушының әміріне бағынбағаны үшін ібілістің жазалануы — қазіргі авторитарлы елдердегі сияқты басшыға бағынбағанды түрмеге жабу, қудалау, тіпті өлтіру әрекеттеріне ұқсамай ма, қалай ойлайсыз?

Фото көрнекілік үшін.