Имам қателігі үшін кешірім сұрады

0
745

«Әйелдерді қамшымен ұру керек» деген Ризабек Батталұлы өз сөзі үшін кешірім сұрады деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы juldyzdar_news-ке сілтеме жасап.

Имам Ризабек Батталұлы бұл ісін эмоцияға берілгендігімен ақтады. “Өзімнің өрескел қателігім үшін кешірім сұраймын. Құрандағы “әйелдер” сүресі әйел затын қорғаушы, әйел затына басшылық етушіге ескерту мен жол көрсетуді баяндайды” деген ол қателік жасағанын мойындайды.

Желі қолданушылары «қате», «имам атына кір келді-ау», «аңқау елге арамза молда деген шын екен» деп жазуда.

Фото ашық дереккөзден алынды.