Имран, Айша есімді сәбиі көп аймақ — Атырау

0
509

Атырау облысы бойынша 2023 жылы дүние келген сәбилер арасында ұлдардан Имран, қыздардан Айша есімі көш бастап тұр деп жазады Democrat.kz. Порталы “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалының азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасы мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында осы жылдың 1 қаңтары мен 30 қазан аралығында 13 278 сәби дүниеге келген.

Олардың арасында қандай есімдер көш бастап тұр? Ұлдарға Имран (135), Ахмад (132), Омар (130), Хамза (124), Амир (117) қойылған. Ал қыздар арасында Айша (201), Айлин (195), Асылым (182), Медина (172), Сафия (152) есімі көш бастап тұр.

Осыдан үш жыл бұрын «Ақ Жайық» жазған статистикамен салыстырар болсақ, 2020 жылы ұлдарға ең көп қойылатын есімдердің басында Ибраһим, Әлихан болған. Ал қыздар арасында Айша мен Айлин әлі де ең таңдаулы есімдер қатарынан қалмай келеді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.