Инфляцияға байланысты зейнетақы, жәрдемақы көбейді

0
51

2025 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттен айына 156 856 мың теңге зейнетақы алып жүрген зейнеткер енді айына 171 588 мың теңге зейнетақы алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Құзырлы орган 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрі инфляцияға байланысты көбейгенін хабарлады.

«Мысалы, 2019 жылы зейнетке шыққан 69 жастағы адамның  2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңге болатын.  Оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы – 111 278 теңге. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осы зейнеткер 171 588 теңге зейнетақы алады. Оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге. Бұның ішіне БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды», — деп хабарлайды Еңбек министрлігі.