Ішкі тесігіңізді не нәрсемен бітеп жүрсіз?
“Алла қандай мейірімді еді.. шіркін. Пендесі қол жайып сұраса бермеуге ұялады.. Үйіп-төгіп қаншама нығметтерді беріп қойған, бізге тек көріп, байқап, сезініп үйреніп әр ризық үшін жан-тәніңменен қуанып, ризашылық ете алу керек” деп жазады Фариза Төреәлі Инстаграм парақшасында.
Әнші Төреғалидың қарындасы адам баласының ішіндегі әлдебір тесік туралы айтып, оны қалай бітеу керегін де сөз етеді. Ол қандай тесік екен?
⠀
”Қандай да адамдағы бақыт, ризық, жақсылық, қуаныш болса оның бәәәрі Алладан екенін естен шығармайық. Бәрін беруші тек Раббымыз. Оның шексіз берегендігін, мейірімділігін ұмытпайықшы. Жүректе тыныштық, жанымда ең қымбат жүректер, саяхат, еркіндік, сүйікті ісім бар Алла қалауымен. Әльхамдудилля, дәл осы күндерді көп қалайтынмын.
⠀
Расында біздің ішкі тесікті адам да, қандай бір жетістік не байлық да бітей алмайды. Оның бітелуінің өз заңдылығы бар және адам оны өзі әрекет етсе — нәтижесі Раббымыздан. Дәл қазіргі жан тыныштығынан, іштегі гармониядан ләззат алудамын деп толық айта аламын. Әр әйел затына осыны шын жүректен тіледім. Себебі нәзік жандылар шынайы әрі толыққанды бақытқа лайық!” дейді Төреғали Төреәлінің қарындасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.