«Jusan bank-тің иесі Қазақстанда емес» дейді саясаткер

0
74

Белгілі саясаткер Әкежан Қажыгелдин Jusan bank пен Назарбаев қорының байланысы туралы және банкке мемлекеттен құйылған миллиардтар туралы айтты, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Тимур Құлыбаев 150-200 цистерна қайтарды» деп жарыса айтады да, бәрі «оо, ақыры активтер қайтарыла бастады ғой» деп ойлайды. Ал шын мәнінде ештеңе қайтарылып жатқан жоқ.

Ол (Құлыбаев) саудасын баяғыдай жүргізіп жүр. Газ Қара теңізге бұрынғыдай тасымалданып жатыр. Елде газға қатыстының бәріне бір әулетпен байланысты екенін білеміз. Арасында орындары ауысып қана тұрады.

Шәріпбаев келсе сол айналысады,  Боранбаев болса сол айналысады – бәрі бір әулеттің қолында. Бірде-бір аудит жүргізбей не болғанын түсіндіре алмаймыз», — дейді Әкежан Қажыгелдин Elmedia-ға берген сұхбатында.

Қажыгелдин Jusan bank пен Назарбаев қорының байланысы туралы айтты.

«Jusan bank иесі Невадада. Оның қалтасына аспаннан долбарлап айтқанда 1,2 миллиард актив түсті. Бұл өте көп ақша. Біреу оларға бұл ақшаны берді. Кім екенін де білеміз. Бірақ мұны Қазақстан билігі өзі мәлімдеп айтқанын қалаймыз.

Тергеу жүргізіп, ақша қайдан түскенін айтуы керек. 1,2 миллиард бір жерден келсе, демек ол ақша бір жерден шықты ғой? Біз бұл Назарбаев қорынан түскен ақша деп ойлаймыз. Ал қордаға ақша Назарбаевтың қаржысы емес, ол мемлекеттің ақшасы. Себебі оның барлық кітабын сатқанның өзінде ары кетсе үш миллион жиналады. Бірақ 1,2 миллиард емес», — дейді Қажыгелдин.

Ал Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің сөзінше, Назарбаев қорымен, Jusan bank-пен Қазақстан үкіметі жұмыс істеп жатыр.

«Маған жеткен ақпараттар бойынша және мемлекеттік органдардың түсіндіруі бойынша, Назарбаев қорымен, Jusan bank-пен Қазақстан үкіметі жұмыс істеп жатыр.

Ол жөнінде қоғамға ақпарат берілмейді. Ол қалай істеп жатыр? Қандай мақсатта, қандай негізде жұмыс істеп жатқанын біз білмейміз. Бірақ мендегі ақпарат бойынша Қазақстан үкіметі Jusan bank-қа өз еркімен келісімдер мен белгілі мөлшерде активтерді қайтару мәселесі жөнінде әңгіме болып жатыр. Бірақ оның нақты тетіктерін білмеймін», — дейді Ермұрат Бапи Elmedia-ға берген сұхбатында.

Фото интернеттен алынды.