«Қалаған жерде уағыз айтқандар жазалануы керек!» дейді қоғам белсендісі

0
96

Қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынұлы әлеуметтік сауалнамаға қатысты пікірін жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Естеріңізде болса осыдан 3-ай бұрын АЭС құрылысына байланысты әлеуметтік сауалнама жүргізген 4 азаматты сайлау заңын бұзды деген желеумен Қазақстан билігі әкімшілік жазаға тартқан еді.

Одан қалса Оралдағы өңірлік «Уральская неделя» газетінің редакторы Тамара Еслямоваға АЭС-ке орай тұрғындардан сауалнама жүргіздің деп 100 мың теңге айыппұл салды.

Демек мына төмендегі видеода көшеде кетіп бара жатқан жастардан әлеуметтік сауалнама түрінде заңсыз миссионерлік қызмет жүргізіп, сонымен қатар кәмелетке толмаған балалардың санасы мен сезіміне әсер етіп, Исламның діни рәсімдерін орындауға үгіттеген аталмыш азаматқа да әкімшілік жаза қолданылуы тиіс деп есептеймін.

Шынтуайтында тек көшеде ғана емес, мектеп немесе жоғары-орта оқу орындары және мемлекеттік мекемелерде де заңсыз миссионерлікпен діни у-ағыз айтып жүрген мүфтияттың барлық имам-молдалары әкімшілік жазаға тартылуы қажет!!!

Заң бәріне ортақ, егер қазақ қоғамында тек саяси белсенді азаматтарға ғана жаза қолданылып, ал заңсыз миссионерлікпен шұғылданған имамдарға екіжүзді стандартпен жаза тағайындалмаса, бұның түбі жақсылыққа апармайды» деп жазды Тұрарбек Құсайынұлы.

Фото видеодан скрин.

@abnadaniar

Обязательно #намаз #девушка #ислам_религия_мира_добра #правда #рекомендации #хочуврек

♬ оригинальный звук — Оралбай