«Қаңтар оқиғасы»: «Дикий Арман» елге қалай келді, қандай тапсырма орындады?

0
1111

«Дикий» бастаған топтың сотынан түсірілген видеоларды көрдіңдер ме? Тараптар сотта «соңғы сөздерін» айтып болды-ау деймін, осы жұмада судья шешім қабылдауы тиіс.

КНБ-ның Алматы қалалық 5 ші департаменті экс—басшысы Р. Искаков «Көмекке Арман Джумагельдиевті шақыр..» деп бұйрықты Самат Әбіштің бергенін айтты, кейін сөзінен тайқып бәріне бізді кінәлі қылып кетті деп анық айтты.

«Арман митингішілердің көп бөлігін әкімшілік ғимаратынан тәуелсіздік монументіне қарай алып кетіп  бізге, әкімшілік ғимаратынан полиция қызметкерлерін құтқаруға көмектесті..» деді.

Тоқаевтың аузына «20 мың террористі» салған ІІМ экс-министрі  Тұрғымбаев-мыс.

Ал, Арман елге емін-еркін келіп-кетуі үшін Тұрғымбаевтан рұқсат алып отырыпты.

Екеуара жазылған смс-тер кейін компроматқа айналмас үшін, Арманның телефоны бұғатталған.

Ал «Дикий» өз кезегінде Алматы қаласы барлық емханалары басшыларымен байланыста болғанын, керек болғанда көмек беруге дайын  жүргенін айтты.

Меніңше, бұл, емханаларда дәрігерлік көмектің ең әуелі өз адамдарына көрсетілуін қамтамасыз ету үшін жүрді-ау?

Бірнеше «жедел жәрдем» көліктерін митингішілер тартып алғаны айтылса да, халық арасында «жедел жәрдем» жаралыларды емес—«күштік құрылымдар әскерлерін тасығаны» туралы «қауесетті» ешкім жоққа шығармады.

«Дикий»-дің кейбір сөздерін сол кездегі Алматы әкімшілігі — денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нариман Болтайұлы қуаттады.

Ал қаңтардың басталуына себеп: батыста газ бағасын көтеруге кінәлі Құлыбаев екен.

Ол өзін бопсалап жатқан шенділер шығынын осылайша толтырмақ болған.

Үкімет газ бағасын қайта түсіру туралы КНБ ұсынысын «бағаны түсіру халық тарапынан—«биліктің жеңілісі» деп қабылданады—қарсымыз» деген-мыс.

Бірақ ол кезде бәрі ушығып кеткен-ді дейді «экс-кнбшник» Искаков.

Бұл тағы өзіне «очное ставкаға» күшті «загармен» келген Самат Әбішке «мразь екенсің» деп айтқанын жасырмады.

Түйін: «Қаңтарды» ұйымдастырған — Нұрсұлтан Назарбаев та, бұл өз жоспары мен бөліскен жалғыз адам—Мәсімов.

Кәрім кейін қасына Нигманы Тоқаевқа ертіп барып «кетіп қалуға ұсыныс» жасады ма деймін.

Ағалы-інілі Сатыпалдылардың өзара жаға жыртысуы—Саматтың тараптардың ешқайсысын қолдамағаны, «қай жеңгенің— менікі» позициясынан.

Сойқанды бәрі бірге бастағанымен, нәтижені өз пайдасына шешіп алмақ болған Қайрат Сатыпалдыны құтқарған, меніңше, Біләл Ердоғанұлы сияқты.

«Қаңтарда» Қайрат жеңіске жетсе— «Қазақстанды өзім басқарамын..» деген Ердоғанның арманы орындалғандай..

2022 жылы қаңтар оқиғасында Назарбаев билікке қайта келгенде РФ Украинаға шабуылын кештетуге мәжбүр болар еді.

Өйткені, Украинаға бүйрегі бұратын Нұрсұлтан соғыс жағдайында РФ-ке көмекті бүгінгідей бермесін Путин жақсы білді.

2022 жылы бір тарап АҚШ-Европа-Түріктер болып, екінші тарап РФ ҚХР болып Қазақстанға таласқан сияқты.

Менікі пайым ғой, анығын «Қаңтарды» ұйымдастырғандар біледі.

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.