«Қарияларды қарттар үйіне өткізу керек» дейді

0
1638

Қазіргі заманда қарттар үйін жаппау керек.

  1. Бізде бірталай жасқа келдік, көрдік,  естідік. Бұрыннан бері тәрбиелі келін, тәрбиесіз келіндер болған. Ата-енесіне жақсы қарағандарда, жаман қарағандарда болған.

Енесін адам демейтін келіндерді де көрдік.

Сол кездегі ата-енелердің барар жері болған жоқ, амалсыз көнді.

2.Қаладағы қарттар үйде жалғыз қалады. Бәрі жұмыста, сөйлесер адам жоқ. Амалсыздан теледидарға үңіледі. Ондай адамдар араласып сөйлеспеген соң қиялданып, ерте алжиды.

3.Қазір әдепсіз, тәрбиесіз, аузына не келсе соны айтатын, үлкенді сыйлау білмейтін жастарда көбейіп келеді.

Мысалы инстаграмға өз ойыңды жазсаң неше түрлі дөрекі сөйлейтін, тәрбиесіз адамдар көбейген.

Сондықтан лажы болса қарияларды қарттар үйіне өткізу керек. Қарттар үйінде жұмыс істейтіндердің тәрбиесіне көңіл бөлу керек.

Қарттар үйінде бір-бірімен әңгімелеседі, бірге шай ішеді, бір-біріне көмектеседі. Әр түрлі үйірмеге қатысады.

Мүмкіндік болса тіккендерін, тоқығандарын, басқа да жасағандарын саудаға шығаруға да болады. Қарттардың денсаулығы жақсы болса, аздап болса да жұмыс істегені жақсы.

 Нұргүл СӘРСЕМБАЕВА, оқырман.

Әлеуметтік желідегі пікірі.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.