Қарындағы май кетсін десеңіз…

0
201

Әдетте ішке май дұрыс тамақтанбағаннан және қозғалыстың жоқтығынан жиналады. Алайда оның басқа да себептері болуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Біріншісі – созылмалы ұйқысыздық және күйзеліс. Толыққанды демалыссыз ағза “аштық гормоны” – грелинді өңдейді. Күйзеліс кезінде де солай болады.

Екіншісі – лептинге сезімталдықтың төмендеуі. Лептин – тоқтық гормоны, ол майлы тінде өңделеді. Оған деген сезімталдық төмендесе, адам тойып тұрса да, тамақ жей береді.

Үшіншісі – етеккір үзілісі (менопауза). Әдетте 45-50 жаста әйелдердің етеккірі тоқтап қалады, ал ол эстроген өңдірісінің төмендеуімен қатар жүреді. Сондықтан ағзадағы зат алмасу процестері бұзылады.

Төртіншісі – іштің кебуі (метеоризм). Газ көп түзілетін адамдардың іштері үлкейіп кетеді. Ұннан жасалған өнімдер, бұршақтылар, майлы, сүтті өнімдерден және газдалған сусындардан бас тартып көріңіз.

Бесіншісі – ауыр спорт. Адам қатты шаршағанша жаттықса, ағза әлсізденеді. Мұндай жағдайда ағза қалпына келмейді және “өзін-өзі сақтау” режимін қосады. Бұл кезде іштің төменгі жағына май жиналады.

Фото интернеттен алынды.