«Қазақ фейсбугі» өсек-аяңнан әріге аспай тұр

0
228

Э. Рузвельттің «ақыл парасаты кіші адамдар — адамдарды сөз етіп, күнделікті өсек- аяңды талқылайды, орташа сауатты адамдар күнделікті жаңалықтарды талқылайды, ақыл — парасаты толысқан адамдар ұлы идеяларды талқылайды» деген бір сөзі бар еді…

Біздің қазақ фейсбугінде қашанда осының соңғы екі категориясына бір үлкен зәрулік, дефицит бар еді.

Енді қазір қарап отырсам біздің фейсбуктің сапасы құлдилағаннан құлдилап адамзаттың жаратылысынан бергі дау Адам ата мен Хауа ананың арасындағы мәңгі егесті тақырып қылып, «анау қатынын ұрып тастапты, жоқ, мынаны қатыны ұрып тастапты» деген темаға біржола жатқан екен.

«Ерлі зайыптының арасына есі кеткен түседі» деген бір аталы сөз бар тұғын баяғыда.

Оны ешкім қыстырып жатқан жоқ, еркегі де ұрғашысы да, «кім қай жерде қатынын ұрды, қоей, қатыны еркегін ұрды» деп екіге бөлініп алып әйдай күнде талқы…

Ана дауға іліккен еркектерімен әйелдері де ар ұяттан кеткен бе, үйдегі дауды сыртқа шала ғып тұтатып күллі елдің назарына ұсынып шыға келеді.

Баяғыда қазақ ауылдарында осындай жас қатын еркек арасындағы дау — дамай «әй болды доғарыңдар, күллі елге қарабет, күлкі болмай» деп жекіген үлкендердің бір ақ ауыз сөзімен тоқтайтын.

Бала кезімде әлі есімде, ауылдағы жалғыз үй бір ішкіш молдаванның отбасысы ғана күндегі пянкіден соң өзара қырғын төбелес болатын.

Оларға бұндай қазақ заңы жүрмейтін. Ертесіне ауылда солардың ғана бет ауыздары көгереңдеп ісініп жүретін. Өздері де ұялмайды, я ажыраспайды.

Біздің қазіргі әйгілі шатақтар да ауылдағы бөтен, сол мазаң отбасы секілді берекесіз тобырға айналып кеткендей. Ұяттан да, аяттан да аттап ешкімді ұрып отырған жоқ.

Қайсысына қарасаң да орысша тақ — тұқ етіп бір — біріне қарап безірейіп отырғаны.

Сол екеуін кезінде осы қоғам жетектеп әкеп зорлап қосқандай міндетсініп өз боқтарын осы жерге әкеп қайнатады ғой..

Одан соң оны осындағы Рузвельттің төменгі сатылы тобы гөй — гөй әңгіме қылып талқылап…

Феминистері де, женоненавистниктері де оған май құяды.

Қазақ қоғамының ішкі және сыртқы проблемасы өте көп. Бұл қоғамда маңызды тақырыптар, мәселелер, сұраулар жетеді.

Бірақ… өкінішке орай біздің фейсбукті әлгілер меншіктеп тұр.

Маған жекеге достар жиі жазады, «Олжас — ай, фейсбукте жазбай кеттің, көрінбейсің» дейді.

Қойыңдаршы кім… Биғаш, Мүсірәлі, түсіп қалайыншы, бара беріңдерші.

Олжас ӘБІЛ, саясаттанушы.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.