Қазақ-қырғыз айдаладағы қара тасқа таласуда
ТикТок әлеуметті желісінде Елдос Қыдыр атты тіркелуші Меккедегі Қағба тасына қатысты видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
Видеосында Eldos Kydyr қазақ халқының әу бастан мұсылман болғанын дәлелдеу үшін Қағба тасының жоғары жағында қадалған оюды алға тартады.
«Бейбарыс бабамыздан кейін басқарған Құртбай бабамыз құрып кеткен. Қазақтың оюы. Киелі Қағбада қазақтың оюы тұр. Осыны шегелеп қағып кеткен қанша ғасыр бұрын», — дейді Елдос Қыдыр.
Осы видеоға байланысты пікір жазғандар арасында талас-тартыс туындады.
«Керемет, қазақтың оюы киелі таста», «машалла» дескен пікір иелеріне қырғыз ағайынның блогерлері «бұл — қырғыздың оюы!», «Қағбадағы ою -қырғыздыкі, қазақтыкі емес!» дейді.
Осылай өрбіген таластың ақыры «қырғыз қазақтан тараған», «жоқ, қазақ қырғыздан тараған» деген дауға ұласты.
Айдаладағы Мекедегі қара таста тұрған ою үшін екі бауыр халықтың айтысып-тартысуына не күлеріңді, не жыларыңды білмейді екенсің…
Фото көрнекілік үшін алынды.
@eldoskydyr