Қазақ тілін керек етпейтін университет бар

0
860

Алматыдағы Нархоз университеті қазақ тілінен бас тартыпты. Оқу ордасындағы ең негізгі деген төрт факультеттің қазақша, орысша топтары жабылды.

Атап айтқанда Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік есеп Қаржылық тәуекел менеджмент, Бизнестегі ақпараттық технология мамандықтары бойынша білім аламын дегендер енді тек ағылшынша сайрауы керек. Былтыр бұл мамандықтар бойынша қазақша бірде бір топ болмаған. Биыл да “қазақтарды” қабылдамаймыз деп шешім қабылдапты.

Сондықтан студенттер тек ағылшын бөлімінде білім алуда. Бірақ 100 пайыз ағылшынша сабақ өтетін мұғалім де оны қағып алатын полиглот студент те жоқ. Сондықтан сабақ ағылшынша-орысша аралас өтеді дейді ұстаздар мен студенттер.

Бұл барып тұрған бассыздық. Қазақ тілін құртудың төте жолы. Себебі дүниежүзі сөйлейтін тілде сабақ береміз деген сылтаумен қазақ тілін тұқыртып отыр. НАРХОЗ-ға негізінен ауыл балалары келіп оқиды. Ағылшын емес орысшаны әрең түсінетін жастардың санасын да тілін де қойыртпақтап жатыр деуге негіз бар.

Биылғы құрылтайда Президент қазақ тілін меңгергендер 70 пайыздан асты деп айтты. Ал, Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебаев қазақша сөйлейтіндер саны 81 пайызды құрайды деп сұхбат бергені есімізде. Ендеше қазақ елінде, қазақтың жерінде НАРХОЗ-дың қазақша оқытпаймыз дегені қай сасқаны? Бұл қазақтардың құқын таптау емей немене?

Қазақ тілінің мәртебесін көтереміз деген мемлекет саясатына НАРХОЗ басшылары қасақана қастандық қылып отыр.

Диас НҰРАҚЫН, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.